Пресс-релизы KZ

Гүлдер мен өсімдіктер саласындағы әлемдік ойыншылар Астанадағы Flora Expo Astana Халықаралық көрмесінде бас қосады

2024 жылғы 10 – 12 сәуір аралығында Астана қаласында «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі гүл шаруашылығы және көгалдандыру көрмесі – Flora Expo Astana 2024 XI халықаралық гүл шаруашылығы және көгалдандыру көрмесі өтеді.

Flora Expo Astana – бұл гүл шаруашылығы, бақ шаруашылығы, көгалдандыру, ландшафттық дизайн, қала сыртындағы жайластыру салаларындағы кәсіпқой мамандардың басты кездесу орны.

Көрме аясында Бақ шаруашылығы. Қала сыртындағы үй. Garden & Village ландшафттық дизайны мамандандырылған экспозициялары және Eco Expo Astana органикалық, табиғи және экологиялық өнімдердің мамандандырылған экспозициясы ұйымдастырылады.

Қатысушылар

Қазақстандық және халықаралық компаниялар келесі тақырыптық бөлімдер бойынша тауарлары мен қызметтерінің жаңалықтарын көрсетеді:

● гүлдер мен өсімдіктер
● техника және технологиялар
● гүл бизнесі және логистика
● флористика және дизайн
● бақ пен бақ шаруашылығына арналған тауарлар
● қала сыртындағы үй және ландшафттық дизайн
● эко-тауарлар мен шешімдер.

Көрмеге Беларусьті, Нидерландты, Польшаны, Қазақстанды, Колумбияны, Кенияны, Ресейді, Израильді, Өзбекстан мен Эквадорды қоса алғанда, әлемнің 10 елінен 130-ден астам экспонент қатысады.

Қатысушылар арасында: 3D Flowers, Art-Flowers, Bloom, ProFlowers, Invos Flowers, Jardin Design & Production, Florexpress, Ecoculture, Zhuldyz Flowers, Tessa Corp, Fashion Garden, Бағбан ҚЗ, Green Garden, Tasflora, Hoja Verde, StrogoOrganic және т.б. бар.

Үлкен экспозицияны гүлдерді сату жөніндегі әлемдік көшбасшы – Нидерланд Корольдігі ұсынған: Decorum, Greenworks International, Deliflor Chrysanten, Dekker Chrysanten, Linflowers Chrysanten, Haakman Flowerbulbs, Dummen Orange, Vannova, 247flower.online, Schreurs Holland, Zentoo, Enigma Flowers Trading BV, FEX BV және т.б.

Келушілер

Гүлдер мен өсімдіктерді сату жөніндегі көтерме және бөлшек сауда компанияларына, питомниктер мен бақ орталықтарының иелеріне, гүлдер мен өсімдіктердің дилерлеріне, флористтерге, декораторларға, көгалдандырушыларға, қайырымдылық компанияларының, мейрамхана-қонақүй бизнесінің өкілдеріне, мемлекеттік органдарға, қала сыртындағы өмір салтын ұнататын адамдарға және т.б. көрмеге келу ұсынылады.

Көрмеге келу келушілерге:

● Жетекші өндірушілер мен өнім берушілердің жаңа өнімдерімен танысуға;
● Гүл шаруашылығы, көгалдандыру, бақ шаруашылығы, ландшафттық дизайн және қала сыртындағы жайластыру саласындағы компаниялардың арасынан жаңа іскерлік серіктестерді табуға;
● Қызықтыратын нарықтың ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат алуға;
● Әлеуетті клиенттермен, серіктестермен және әріптестермен кездесуге;
● Іскерлік бағдарламаның іс-шараларында кәсіби құзыреттерді арттыруға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

Іскерлік бағдарлама

Flora Expo Astana көрмесінің маңызды ерекшелігі – мазмұнды әрі жарқын іскерлік бағдарлама. Бағдарламаның шеңберінде гүл-бақ бизнесін және тұтастай алғанда, саланы дамытудың өзекті мәселелерінің кең ауқымы, отырғызу материалы нарығының жай-күйі мен дамуы бойынша 20-дан астам іс-шара өтеді. Компаниялардың өкілдері демо-көрсетілімдер, семинарлар мен шеберлік сыныптарын өткізеді.

Іс-шаралар тізімінде:

«ҚР жағдайындағы орнықты отырғызу материалы» конференциясы
«Алтын-Гүл-2024» қазақстандық флористтер чемпионаты
Нидерланд Корольдігінің ҚР-дағы Елшілігінің қолдауымен «Netherlands Day: Нидерландтық гүлдер мен өсімдіктер өндірушілерінің сөз сөйлеуі»
«Жыл бойы баданалы қызғалдақтарды көктету. Табысқа қалай жетуге болады?» семинары
FloraTalks: Гүл бизнесін дамыту, сатылымдарды арттыру, цифрландыру және көтерме дүкендердің жұмысын оңтайландыру.
«Қазақстанда экологиялық, органикалық және табиғи өнімдерді орнықты дамыту» конференциясы және т.б.

Спикерлер ретінде Кондратов тәжірибелік-үлгілік орман питомнигінің Басқарма төрағасы Аманжол Кебекбаев, Jardin Design & Production акционері Ерлан Оспанов, Royal Flora Holland бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Йерун Бун, Decorum компаниясының бренд амбассадоры Варя Абросимова, Green Works International компаниясының директоры Даан Неперс және көптеген басқа да адамдар сөз сөйлейді.

Astana Expo компаниясы және «ГринЭкспо» көрме компаниясы (Ресей) іс-шараны ұйымдастырушылар болып табылады. Бас демеуші – 3D Flowers компаниясы. Тіркеуге FLOREXIM көліктік-логистикалық компаниясы демеушілік жасады.

Flora Expo Astana көрмесіне кіру бейджді/QR-кодты көрсеткен кезде ғана мүмкін болады, оны онлайн-тіркелу кезінде FEAPRESS промокодын енгізіп, тегін алуға болады.

Көрменің ресми сайты – flora-expo.kz
Келушілерді тіркеу cілтеме арқылы өтеді.

Ұйымдастыру бойынша:

Әйгерім Серікова
Жоба жетекшісі
Т: + 7 7172 64 23 23 (ішкі 223)
М: +7 702 999 40 85
Е: sa@astana-expo.com

Келу/PR бойынша:

Дарина Сембай
Маркетинг және PR жөніндегі менеджер
Т: +7 7172 64 23 23 (ішкі 204)
М: + 7 707 252 06 13
E: sd@astana-expo.com