БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасын қолдап, 22 сәуірді Жерді көгалдандырудың халықаралық күні деп жариялады.
Бұл бастаманы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы қыркүйекте БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-сессиясында ұсынған болатын. Резолюцияға әлемнің әр өңірінен 32 мемлекет тең автор болды.
Жаңа халықаралық күн мына бағыттарға көбірек назар аударуға мүмкіндік береді:
🌿 табиғи экожүйелерді қалпына келтіру
🌳 жасыл желектер аумағын кеңейту
🌍 қоршаған ортаны қорғау
♻️ экологиялық мәдениетті дамыту
Бұл бастама «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясымен де үндеседі.
Қазақстан үшін бұл тұрақты даму мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа қосылған маңызды үлес.
Дереккөз: 24KZ, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі