Пресс-релизы KZ

Нидерланд Корольдігі екінші жыл қатарынан Flora Expo Astana көрмесінің серіктес еліне атанды

2025 жылыгүл шаруашылығы нарығында әлемдік көшбасшы - Нидерланд Корольдігі - тағы да Flora Expo Astana көрмесінің серіктес елі болады, бұл көрменің гүл шаруашылығы саласындағы халықаралық деңгейдегі маңызды оқиға ретіндегі мәртебесін тағы да растайды.

Келесі жылы Нидерланд павильоны көрмедегі ең үлкен павильонға айналады, оған 40-тан астам компания бірігеді. Келушілер гүл шаруашылығы саласындағы озық технологиялармен, инновациялық шешімдермен және үздік тәжірибелермен таныса алады.

Нидерланд Корольдігінің Елшілігі бизнес бағдарламасын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Нидерландтың жетекші сарапшыларының қатысуымен өтетін конференциялар, семинарлар мен презентациялар көрмеге білім алмасу және жаңа идеяларды талқылау алаңы болуына мүмкіндік береді.

2025 жылы Нидерланд күні ерекше назар аударатын оқиға болмақ, ол осы жылға қарағанда әлдеқайда кең ауқымда өтеді. Ауыл шаруашылығы, балық аулау, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің Бас хатшысы Ян-Кес Хуитеманың жетекшілігімен ресми делегацияның келуі күтілуде.

Нидерланд Корольдігімен стратегиялық серіктестік Flora Expo Astana көрмесінің гүл шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен табысты серіктестіктерді көрсету және Еуропа мен Орталық Азия арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін маңызды халықаралық алаң екенін көрсетеді.