Пресс-релизы KZ

Flora Expo Astana 2024 Нидерланды Елшілігімен әріптестікті нығайтуда

Flora Expo Astana 2024 қарсаңында біз Нидерланды Корольдігінің Елшілігімен стратегиялық әріптестік туралы қуана хабарлаймыз. Бұл ынтымақтастық көрмеге дайындықты күшейтетініне сенімдіміз, әсіресе гүл өсіру саласындағы танымал спикерлер мен қатысушыларды тартуда.

Бұл серіктестіктің маңызды бөлігі Нидерланды елшілігінің көрменің іскерлік бағдарламасын әзірлеуге белсенді қатысуы болып табылады. Олар конференциялар мен семинарларды ұйымдастыруға көмектеседі, бұл Flora Expo Astana-ны гүл өсіру және егіншілік саласындағы жаңалықтарды көрсету және білім алмасу үшін басты орынға айналдырады.

Нидерланды елшілігі, сонымен қатар, гүл индустриясы мен бау-бақша саласындағы іскерлік байланыстар мен ынтымақтастықты дамытуға ықпал ете отырып, қазақстандық және нидерландтық компаниялар арасындағы кездесулерді ұйымдастыруға көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, көрмеде Нидерландыдан 10-нан астам қатысушы компания орналасқан Нидерланды павильоны ұсынылады. Бұл біздің ынтымақтастығымыздың маңыздылығын көрсетеді, және Қазақстан мен Нидерланды компаниялары арасындағы гүл индустриясы мен бау-бақша секторындағы бизнес-байланысты нығайтады деп сенімдеміз.