Астана қаласы әкімдігінің Урбанистика орталығы және Astana Expo көрме компаниясы өзара ынтымақтастықты жалғастырып, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру мен абаттандыруға арналған Jasyl Astana халықаралық практикалық конференциясын бірлесе өткізеді. Конференция Flora Expo Astana гүл өсіру және көгалдандыру жөніндегі 13-ші халықаралық көрмесінің аясында өтеді.
Урбанистика орталығы конференцияның тең ұйымдастырушысы ретінде негізгі спикерлерді және мақсатты кәсіби аудиторияны — сәулетшілерді, урбанистерді, ТКШ мамандарын және муниципалдық құрылымдарды тартады. Бұл бағдарламаға практикалық мазмұн қосып, экспоненттерге қалалық кеңістіктерді дамытуға арналған өзекті шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Бұл формат кәсіби қауымдастықты біріктіріп, тәжірибе алмасуды күшейтеді және көгалдандыру мен абаттандырудың жұмыс тәсілдерін өңірлер үшін қолжетімді етеді. Конференция қалаларға нақты ұсынымдар алып, табысты модельдерді өз жұмысына енгізуге жағдай жасайтын алаңға айналады.
Сондай-ақ, бірлескен бастамаларды қолдағаны және жылы қабылдауы үшін «Астанагенплан» ҒЗЖИ ландшафтық дизайн және архитектура орталығының басшысы Гүлнұр Имамбековаға алғыс білдіреміз. Astana Expo көрме компаниясын оның директоры Кульбагира Калиева таныстырды.