8 сәуірде Астанада «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында жасыл саланың екі басты оқиғасы — Flora Expo Astana 2025 XII Халықаралық гүл өсіру және көгалдандыру көрмесі және Grow Expo Astana 2025 өсімдіктерді өсіруге арналған жабдықтар мен технологиялардың Халықаралық көрмесі ашылды.
Қатысушылар
Биыл бұл көрмелерге 20 елден 200-ден астам компания қатысуда. Олардың қатарында Беларусь, Бельгия, Германия, Израиль, Италия, Қазақстан, Кения, Қытай, Литва, Нидерланд, Польша, Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Франция, Швейцария, Эквадор, Оңтүстік Корея және Жапония бар. Бұл – Қазақстанның гүл өсіру, көгалдандыру және агротехнология саласында Орталық Азиядағы маңызды іскерлік орталық екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.
Flora Expo Astana көрмесі 12-ші рет өткізіліп, гүл шаруашылығы, көгалдандыру, бағбаншылық, ландшафтық дизайн, абаттандыру және қала маңын көркейту бағыттарын қамтитын аймақтағы ең ірі мамандандырылған көрме ретінде өз ауқымы мен маңыздылығын көрсетіп жатыр.
2024 жылы жылыжай және жылыжай технологиялары тақырыбына деген қызығушылықтың жоғары болуына байланысты, 2025 жылы бұл бағыт жеке көрме ретінде бөлініп, Grow Expo Astana атауымен бір алаңда өтуде. Көрме жылыжай секторына арналған шешімдердің толық спектрін қамтиды: құрылымдар мен автоматтандырудан бастап климаттық басқару, жарықтандыру, суару, өсімдіктерді қорғау және қоректендіру жүйелеріне дейін.
Осы жылы Нидерланд павильонына ерекше назар аударылады — биыл 40-тан астам компания өздерінің заманауи шешімдері мен жаңа сорттарын келушілер алдында ұсынып отыр.
Dutch Greenhouse Delta нидерландтық жылыжай платформасы екі ел өкілдерінің үкіметаралық кездесуіндегі маңызды байланыстырушы буынға айналды. Нидерланд тарапынан кездесуге ауыл шаруашылығы, балық шаруашылығы, азық-түлік қауіпсіздігі және табиғат министрлігінің Бас хатшысы Ян-Кейс Худ қатысып жатыр. Қазақстан тарапынан ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов қатысуда.
Іскерлік бағдарлама
Көрме аясында гүл және бақ бизнесін, жылыжай секторын, көшет нарығын, қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыру мен абаттандыруды, сондай-ақ флористика мен халықаралық әріптестікті дамытуға арналған 25-тен астам шара өтуде.
Негізгі іс-шаралар:
Келушілер
Көрмелерге келуші ретінде мына салалардың өкілдерін шақырамыз: гүл мен өсімдіктер сататын көтерме және бөлшек компаниялардың иелері, питомниктер, бақ орталықтары мен жылыжай шаруашылықтары, ландшафтық студиялар, флористер, көгалдандыру мен абаттандыру мамандары, тұқым мен көшет өндірушілер мен жеткізушілер, жабдық өндірушілері, агрономдар, фермерлер, ауыл шаруашылығы ұйымдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері, құрылысшылар, девелоперлер, супермаркет желілері, мемлекеттік органдар, дистрибьюторлар, инвесторлар, зерттеушілер, профильдік ЖОО студенттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Көрме келушілері мына мүмкіндіктерге иеленеді:
Ұйымдастырушы: Astana Expo — Қазақстан мен Орталық Азияда салалық көрмелер мен конференциялар ұйымдастыруда 20 жылдық тәжірибесі бар жетекші көрме компаниясы. Бірлескен ұйымдастырушылар: GreenExpo және Қазақстан Жылыжайлар Одағы. Бас демеуші: 3D Flowers. Тіркеу демеушісі: Florexim. Ресми қолдаушылар: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Visit Astana, Kazakh Tourism және «Ауыл» партиясы.
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1. Кіру — Түркістан көшесі жағынан.
Көрме жұмыс уақыты:
Ресми ашылу уақыты: 10:00-де сахнада өтеді.
БАҚ өкілдері үшін аккредитация осы сілтеме арқылы жүргізіледі.
Көрмеге келу үшін тегін тіркелу керек:
Маркетинг және PR бойынша байланыс:
Дәрина Сембай
Тел.: +7 707 252 06 13
Эл.пошта: sd@astana-expo.com

- Нидерланд күні — Нидерланд компанияларының инновацияларының көрсетілімі (8 сәуір)
- Jasyl Astana – 2025 — қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру мен көгалдандыру жайлы халықаралық конференция (9 сәуір)
- Tulip Talks қызғалдақ өсіру семинары: өндіріс, бизнес, толық цикл, маркетинг, үдерістер, сату (8–10 сәуір)
- Astana Greenhouse Forum аясындағы жылыжай бизнесі мен ҚР АШМ, ҚР ИСМ және Аграрлық несие корпорациясы арасындағы кездесу (9 сәуір)
- Grow Talks — Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне арналған тұрақты жылыжай шешімдері бойынша мамандандырылған семинар (9 сәуір)
- Азияның Түсі – 2025 Қазақстан флористика байқауы (8–9 сәуір)
- Қазақстандық және шетелдік флористердің заманауи техника мен стиль қолдауымен өтетін шоу-көрсетілімдері
- Қатысушы компаниялардың семинарлары мен шеберлік сабақтары.
Келушілер
Көрмелерге келуші ретінде мына салалардың өкілдерін шақырамыз: гүл мен өсімдіктер сататын көтерме және бөлшек компаниялардың иелері, питомниктер, бақ орталықтары мен жылыжай шаруашылықтары, ландшафтық студиялар, флористер, көгалдандыру мен абаттандыру мамандары, тұқым мен көшет өндірушілер мен жеткізушілер, жабдық өндірушілері, агрономдар, фермерлер, ауыл шаруашылығы ұйымдары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлері, құрылысшылар, девелоперлер, супермаркет желілері, мемлекеттік органдар, дистрибьюторлар, инвесторлар, зерттеушілер, профильдік ЖОО студенттері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.
Көрме келушілері мына мүмкіндіктерге иеленеді:
- жетекші өндірушілердің жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып көру
- гүл, өсімдік өсіру және жылыжай технологиялары саласындағы сенімді серіктестер табу
- саланың қазіргі жай-күйі мен даму бағыты туралы өзекті ақпарат алу
- әлеуетті клиенттермен, жеткізушілермен және әріптестермен байланыс орнату
- іскерлік бағдарлама арқылы кәсіби дағдыларды арттырып, тәжірибе алмасу.
Ұйымдастырушы: Astana Expo — Қазақстан мен Орталық Азияда салалық көрмелер мен конференциялар ұйымдастыруда 20 жылдық тәжірибесі бар жетекші көрме компаниясы. Бірлескен ұйымдастырушылар: GreenExpo және Қазақстан Жылыжайлар Одағы. Бас демеуші: 3D Flowers. Тіркеу демеушісі: Florexim. Ресми қолдаушылар: ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласының әкімдігі, Visit Astana, Kazakh Tourism және «Ауыл» партиясы.
Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 53/1. Кіру — Түркістан көшесі жағынан.
Көрме жұмыс уақыты:
- 8 сәуір – 09:30–18:00
- 9 сәуір – 09:30–18:00
- 10 сәуір – 09:30–15:30
Ресми ашылу уақыты: 10:00-де сахнада өтеді.
БАҚ өкілдері үшін аккредитация осы сілтеме арқылы жүргізіледі.
Көрмеге келу үшін тегін тіркелу керек:
- Flora Expo Astana - flora-expo.kz
- Grow Expo Astana - grow-expo.kz
Маркетинг және PR бойынша байланыс:
Дәрина Сембай
Тел.: +7 707 252 06 13
Эл.пошта: sd@astana-expo.com