Пресс-релизы KZ

Flora Expo Astana International Horticulture Goyang Korea 2025 көрмесіне қатысты

25 сәуір мен 11 мамыр аралығында Оңтүстік Кореяның Гоянг қаласындағы Ільсан көлінің саябағында бау-бақша және гүл өсіру саласындағы ең ірі көрмелердің бірі — International Horticulture Goyang Korea 2025 өтуде. Биылғы жылы көрмеге 25 елден 200-ге жуық ұйым, қауымдастық және компания қатысты.

Flora Expo Astana бұл халықаралық алаңда Қазақстанды ресми қатысушы ретінде таныстырды. Біздің стендтің арқасында Flora Expo Astana туралы Корея мен басқа да елдердің бау-бақша және гүл өсіру саласындағы мамандары хабардар болды.

Командамыз гүлдер мен өсімдіктерді өсіру, сондай-ақ бақтарды абаттандыру саласында жұмыс істейтін компаниялармен табысты келіссөздер жүргізді. Ынтымақтастық пен халықаралық тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.
2025-04-29 12:38