Пресс-релизы KZ

Flora Expo Astana командасы ЦветыЭкспо 2023 көрмесіне белсенді қатысты

Осы жылдың 12-14 қыркүйек аралығында Flora Expo Astana командасы Ресей астанасы — Мәскеуде өткен ЦветыЭкспо XIII халықаралық көрмесіне қатысты. Бұл жыл сайынғы іс-шара гүлдер, өсімдіктер әлеміне, сондай-ақ гүл өсіру мен ландшафты дизайнға арналған заманауи технологиялар мен құралдарға арналған жетекші оқиғалардың бірі болып табылады.

Айта кетейік, көрмені ұйымдастырушы - ГринЭкспо көрме компаниясы Flora Expo Astana көрмесінің серіктесі және бірлескен ұйымдастырушысы болып табылады. Біздің командамыз көрмеге қуана қатысты.

Көрме аясында бірқатар нәтижелі келіссөздер ұйымдастырылып, маңызды кездесулер өтіп, сондай-ақ саланың жетекші сарапшыларымен және компанияларымен пікір және идеялар алмасылды. Көрме Flora Expo Astana үшін іскерлік байланыстарды нығайтуға және кәсіби қарым-қатынас шеңберін кеңейтуге тамаша мүмкіндік болды.

Flora Expo Astana командасы көрме серіктестеріне, әріптестеріне және қонақтарына біздің стендке қызығушылық танытқаны және белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниет білдіргені үшін шын жүректен алғысын білдіреді.

Айта кетейік, ЦветыЭкспо Ресей мен басқа елдердің мамандары гүл өсіру, флористика және ландшафтты дизайн саласындағы соңғы жаңалықтарды, трендтер мен инновацияларды талқылай алатын танымал алаңға айналды. Өндірістің озық әдістеріне, сатылымға, сондай-ақ гүл бизнесін дамытудың жаңа технологиялары мен материалдарына ерекше назар аударылады.

____________________________________________________________________________

Байланыс:

Ұйымдастырушы:
Astana Expo көрма компаниясы.
astana-expo.com

Жоба жетекшісі:
Әйгерім Серікова
Т: + 7 7172 64 23 23 (іш 223)
М: +7 702 999 40 85
Е: sa@astana-expo.com

Маркетинг сұрақтары бойынша:
Дарина Сембай
Т: + 7 7172 64 23 23 (вн 204)
М: +7 707 25 20 613
Е: sd@astana-expo.com