Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының Урбанистика орталығының тәжірибесіне жоғары баға беріп, оның шешімдерін еліміздің барлық өңіріне таратуды тапсырды.
Девелоперлер үшін бұл жекелеген нысандарды салудан қалалық ортаны кешенді дамытуға, бірыңғай дизайн-кодтарды енгізуге және цифрлық модельдерді пайдалануға көшу дегенді білдіреді. Өңірлер үшін үлгі бола алатын елордалық шешімдердің қатарында эстакадалар астындағы сауда кеңістіктері, LRT желісі бойындағы аллеялар, Green ID жүйесі арқылы жасыл желектерді цифрлық есепке алу және жаяу жүргіншілерге арналған экобульварларды дамыту бар.
Осындай жобалардың бірі — Greenline. Бұл — жаяу жүргіншілерге қолайлы қозғалыс жағдайларын жасауға, көгалдандыруға және автокөліксіз қоғамдық кеңістіктерді дамытуға бағытталған бульвар. Мұндай шешімдер табиғи элементтерді қалалық инфрақұрылыммен үйлестіріп, тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Жоба аясындағы шешімдердің бірі — жасыл желектерді күтіп-баптауға арналған автоматтандырылған суару жүйесі.

«Таза Қазақстан» ұлттық тұжырымдамасы аясында өңірлер аумақтарды «қасбеттен қасбетке дейін» кешенді абаттандыруға және кедергісіз қалалық инфрақұрылымды дамытуға көшеді. Бұл өзгерістер көгалдандырудың, тұрақты қалалық шешімдердің және қоғамдық кеңістіктерді кешенді абаттандырудың маңызын арттырады.
Астана қаласының Урбанистика орталығы — Flora Expo Astana халықаралық гүл өсіру және көгалдандыру көрмесінің жыл сайынғы қатысушысы әрі абаттандыру мен көгалдандыруға арналған Jasyl Kazakhstan конференциясының тең ұйымдастырушысы. Бұған дейін Jasyl Astana атауымен өткен конференция кейін жалпыұлттық деңгейге көтеріліп, Қазақстанның барлық өңірінде жайлы әрі экологиялық таза қалалық ортаны дамыту мәселелерін қамти бастады.