Пресс-релизы KZ

Астана халықаралық урбанистикалық күн тәртібінде

Жақында Астана қаласы Урбанистика орталығының басшысы Елнар Базыкен БҰҰ штаб-пәтерінде өткен қалаларды дамытудың заманауи тәсілдері мен регенеративті урбанистикаға арналған кездесуге қатысты.

Халықаралық алаңда Астананың тәжірибесі таныстырылды. Елорда Орталық Азияда Resilience Hub мәртебесін алғашқылардың бірі болып алып, халықаралық ментор-қала атанды.

Күн тәртібінде қалалық ортаны дамытудың жаңа тәсілдері: жасыл инфрақұрылымды, жаңбыр бақтарын дамыту, «жылу аралдары» әсерін азайту және қалалық аумақты тиімді пайдалану мәселелері болды.

Сондай-ақ Life Cycle Cost қағидаты — қалалық инфрақұрылымның құрылыс пен кейінгі пайдалану кезеңдерін қоса алғанда, бүкіл өмірлік циклі бойынша шығындарды бағалау тәсілі талқыланды.

Astana Expo үшін қазақстандық сарапшылардың халықаралық кәсіби алаңдарда ел тәжірибесін таныстыруы маңызды. Біз Астана қаласы Урбанистика орталығымен көпжылдық серіктестігімізді бағалаймыз және кәсіби іс-шараларымыз аясындағы ынтымақтастықты жалғастыруға қуаныштымыз.
2026-08-06 14:47