Жыл сайын қазақстандық және халықаралық компаниялар келесі тақырыптық бөлімдер бойынша жаңалықтары мен бестселлерлерін ұсынады: кесілген және құмырада өсірілетін гүлдер, өсімдіктер, отырғызу материалы, баданалар, ағаштар мен бұталардың көшеттері, өсімдіктерді күту және қорғау жөніндегі құралдар, көгалдандыру қызметтері, флористика және дизайн, техникалық шешімдер, бақты жайластыру, бақша жиһазы мен құралдары, қала сыртындағы құрылыс және көгалдандыру және т.б.
Көрмеге гүлдер мен өсімдіктерді көтерме және бөлшек саудада сатушылар, питомниктер мен бақ орталықтарының иелері, гүлдер мен өсімдіктердің дилерлері, флористтер, декораторлар, көгалдандырушылар, абаттандырушылар, мейрамхана-қонақүй бизнесінің өкілдері, мемлекеттік органдар, бақ шаруашылығы және қала сыртындағы өмір салтын ұнататындар және т.б. адамдар келеді.